alienware14 / javaLessons

Java SE үйрену
The Unlicense
0 stars 0 forks source link

Data Types - Деректер түрі #3

Open alienware14 opened 1 month ago

alienware14 commented 1 month ago

Data Types - Деректер түрі

Java бағдарламалау тілінде бірнеше негізгі деректер түрлері бар, және әртүрлі айнымалыларды әртүрлі мәндермен жариялауға болады. Айнымалы жариялау үшін алдымен деректер түрін, содан кейін айнымалының атын көрсету қажет.

Негізгі Деректер Түрлері Java бағдарламалау тілінде негізгі деректер түрлері екіге бөлінеді:

  1. қарапайым(primitive) және
  2. сілтемелік (reference) деректер түрлері.

1) Java тілінде сегіз қарапайым (primitive) деректер түрі бар:

Data Type | Size | Description | Code

  1. byte | 1 byte | 8 биттік бүтін сан. Диапазоны: -128-ден 127-ге дейін | byte b = 100;
  2. short | 2 bytes | 16 биттік бүтін сан. Диапазоны: -32,768-ден 32,767-ге дейін | short s = 10000;
  3. int | 4 bytes | 32 биттік бүтін сан. Диапазоны: -2,147,483,648-ден 2,147,483,647-ге дейін | int i = 100000;
  4. long | 8 bytes | 64 биттік бүтін сан. Диапазоны: -9,223,372,036,854,775,808-ден 9,223,372,036,854,775,807-ге дейін | long l = 100000L;
  5. float | 4 bytes | 32 биттік қалқымалы нүктелік сан. Нақты сан мәндерін сақтау үшін қолданылады | float f = 10.5f;
  6. double | 8 bytes | 64 биттік қалқымалы нүктелік сан. Нақты сан мәндерін сақтау үшін қолданылады | double d = 10.5;
  7. boolean | 1 bit | Логикалық тип. Екі мәнді қабылдай алады: true немесе false | boolean bool = true;
  8. char | 2 bytes | 16 биттік Юникод символы character/letter or ASCII values. Жеке символдарды сақтау үшін қолданылады | char c = 'A';

2) Сілтемелік Деректер Түрлері

  1. String: Жолдарды сақтау үшін қолданылады. | String str = "Hello, World!";
  2. Массивтер (Arrays): Бір типтегі элементтердің жиынтығын сақтау үшін қолданылады | int[] numbers = {1, 2, 3, 4, 5};
alienware14 commented 1 month ago
Capture
alienware14 commented 1 month ago
Capture